«Тәуелсіздігімді жырлаймын» атты бөбекжайдағы сайыс

Бұл сайысқа кезекші топтағы балабақшаға қатысып жүрген балалар қатысса, індетке байланысты балабақшаға қатыса алмай отырған балалармен онлайн жұмыс жасалып, видеожазба арқылы бөлек сынға түсті.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.

 «Балдырған» бөбекжайының №2 «Сәйгүлік» ересек топ балаларымен «Тәуелсіздігімді жырлаймын!» атты патриоттық әндер айту, көркемсөзді мәнерлеп оқу және ата-анасымен бірігіп тақырыпқа сай сурет салу сайысы болып өтті.

Бұл сайысқа кезекші топтағы балабақшаға қатысып жүрген балалар қатысса, індетке байланысты балабақшаға қатыса алмай отырған балалармен онлайн жұмыс жасалып, видеожазба арқылы бөлек сынға түсті. 

Сайысқа балалардың жасына сай берілген ақын аға-апаларымыздың өлеңдері айтылса, патриоттық күш-жігер беретін әндермен де балалар көңілді бір көтерді. Сайыс қорытындысы бойынша көркемсөз оқу шеберлігінен «Бас жүлде» Бағытжан Элнараға бұйырса, тобымыздың жезтаңдай әншісі, өзі құттай болса да ең ауыр әнді шалқыта орындаған Ғабит Саяддина бас жүлдені қанжығасына байлады.

Отбасылық ұжымдық танытып, баламен бірге атсалысып сурет салған Ғалымжан Данизат ата-анасымен салған суреттері ең керемет сурет болып табылды. Онлайн сайыста Темірғали Дінзухра «Бас жүлде» иегері атанды. Сонымен қатар балаларға дипломдар табысталды.

Б.БЕГІМБАЕВА,

Бейбарыс селолық «Балдырған» бөбекжайы тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT