Атыраулық оқушылар халықаралық жарыста жүлдеге ие болды

Идеялар мен терең зерттеу жұмыстарының басын қосқан додаға 35 елдің 752 үміткері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан мектептерінен 25 оқушы бар.

Бразилияның Ново-Гамбург қаласында «MOSTRATEC» атты 35–ші Халықаралық білім көрмесінің аясында өткен ғылыми жобада атыраулық оқушылар жүлделі орынға ие болды.

Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі хабарлайды. Идеялар мен терең зерттеу жұмыстарының басын қосқан додаға 35 елдің 752 үміткері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан мектептерінен 25 оқушы бар. Соның ішінде Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының екі оқушысы топ жарып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Атап айтқанда, 11 сынып оқушылары Ақбота Жұбатқан математика пәнінен І орынды иеленсе, Айданур Демирджи тарих пәнінен ІІІ орын алды. Ақбота Жұбатқанның айтуынша, олар өз жобаларын ағылшын тілінде қорғаған.

d221220

- Жаздың аяқталуына он шақты күн қалған кезде менің сынып жетекшім “Mostratec” атты халықаралық ғылыми жобалар жарысы болатынын хабарлаған болатын. Міне, сол күннен бастап мен дайындала бастадым. Пандемияға байланысты қашықтан өткізілгеніне қарамастан сайыс өте қызықты және тәжірибеге толы болды. Байқау «Jitsi meet» атты видео конференцияларға арналған мобилді қосымшаның көмегімен өтті. Мен үшін бұл дода ұмытылмастай болды, көп тәжірибе алдым, - дейді ол.

Айта кетейік, жеңімпаздарды жобаға қыздар лицейінің бейінді оқу ісінің меңгерушісі Оксюз Рахман мен Атырау университетінің мұғалімі, математика пәнінің кандитаты Аққабыл Абиров дайындаған.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика