Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оған қарсы күрестің жаңа тетіктерін айқындау мақсатында «Жемқорлық құқық бұзушылық картасы» облыстық жобалар байқауын ұйымдастырған болатын. Аталмыш байқаудың аудандық кезеңінен сүрінбей өтіп, облысқа жолдама алған Таңдай ауылындағы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Мадина Теміржанова жүлделі ІІ орынға ие болды.
Мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып, әрдайым жүлделі орындар¬дан көріне білген Мадина мектептегі «Ақжүніс» қыздар ұйымының мүшесі, оқушылар ұйымының президентінің көмекшісі ретінде барлық іс-шараларға белсенді араласады.
- Атырау облыстық білім беру басқармасына қарасты «Қазақстан геологі» емдеу пансионатында өткен «Жемқорлық-құқық бұзушылық кар¬тасы» облыстық жобалар байқауына сырттай қатыстым. Алдымен байқаудың мектепішілік кезеңінде бақ сынап, 1 орынға ие болған едім. Облысқа жолдама алып, байқауға сырттай қатысып, жүлделі 2 орынды иемдендім. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Сы¬ныпта осы тақырыпқа байланысты «Жемқорлық-қауіпті дерт» шағын деба¬тын ұйымдастырған едім. Бұл бағытта жетекшім, химия пәнінің мұғалімі Шынар Базарбайқызының еңбегі зор. Жобаға тыңғылықты дайындалып, тақырыпқа қатысты барлық матери¬алдарды талдап, сараладық. Мен бар зейінімді байқау тапсырмаларына ау¬дардым. Соның нәтижесінде жобаны сәтті қорғадым деп ойлаймын. Сыбай¬лас жемқорлық-жат құбылыс. Оның елімізде кең өріс алуына жол беруге болмайды, -дейді ол.
Ал жоба жөнінде Мадинаның жетекшісі Шынар Дауылбаева өз ойын білдірді.
-«Бұл жоба еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатын көздейді. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес-ең өзекті, мемлекеттік маңызды мәселе. Бұл жобаға оқушым Мадина тыңғылықты дайындалып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Өз бетімен ізденіп, еңбектене білді. Тақырыпты зерделеумен қатар шығармашылық ізденісімен ерекше-ленген әрі құқық бұзушылыққа қарсы күреске қосқан үлесі үшін облыстық білім беру басқармасы жанындағы «Қазақстан геологі» пансионаты КҚМК директорының міндетін атқарушы Ш.Ескалиева дипломмен марапат¬тады. Бұл тек шәкіртімнің ғана емес, мектеп ұжымы еңбегінің бағаланғаны деп білемін», - дейді жетекшісі Ш.Базарбайқызы.
А.ТЕКЕБАЙ