Соғыс және тыл ардагерлері әрқашанда құрметке лайық(ВИДЕО)

Келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз.

Міне, биыл сіздер сыйлаған Жеңіске 75 жыл толады. Мына бейбіт заманда қамсыз өмір сүріп жатқан біздерге соғыс кезіндегі майдангерлер мен тыл ардагерлерінің өмірі ертегі сияқты көрінгенмен, олар үшін орны жазылмас жара. Соғыс және тыл ардагерлері әрқашанда құрметке лайық.

Менің нағашы атам Әбілтайұлы Мұрат тыл жауынгері. 1926 жылы 10 қыркүйекте Гурьев облысы Есбол ауылы Ақсерке деген елді мекенде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен. 1943 жылы зауыттың жанынан ашылған училищеде оқыған. Балалық шағы соғысқа кеткен азаматтардың орнын басып еңбек ету болған. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұранмен жеңіске ұмтылған.

erkebylan290420

Бала болса да үлкендермен бірдей майдандағы әскерлерге көмек көрсеткен. 1947 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, соғыстың сарқыншақтарын көріп жараланған. Бертін келе «В.И Лениннің туғанына 100 жыл» және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Менің осындай атам болғанына мақтан тұтамын. Өзі өмірден өтсе де, ұрпақтарына артынан өшпес із қалдырған атама басымды иіп, тағзым етемін. Және де бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлерін құрметтеймін.

Еркебұлан Халидуллин,

Махамбет ауданы О.Шонаев орта мектебінің

3"б" сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT