Аталған зияткерлік олимпиада ауыл мектептерінде оқитын дарынды балаларды анықтауға бағытталған.
Оған, облыстың шалғай ауылдарынан 26 оқушы қатысты – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауыл мектептерінің 5, 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға және оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беруге бағытталған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының республикалық кезеңінде 33 атыраулық оқушы жеңімпаз атанды. Олардың 26-сы конкурсқа аудан, ауылдардан қатысқан. Білім додасында бәйге алғандар өз таңдаулары бойынша дарынды балаларға арналған мектептерге емтихансыз қабылданып, білім алып жатыр.
Айта кетейік, республикалық «Елбасы» академиясы жанынан құрылған «Мың бала» ұлттық олимпиадасына 2022 жылдың қаңтар айынан бастап өтініштер қабылданады. Оған 5 және 6 сынып оқушылары қатыса алады. Республикалық кезеңде жеңімпаз атанғандар еліміздің кез-келген аймағындағы дарынды балаларға арналған білім мекемелеріне жолдама алады.