«Райхан гүлі» балабақшасы бөбектердің екінші үйі

Балабақша -болашақ тұлғаны тәрбиелейтін екінші орын.

bigaisha21020

Осы жерде есін енді біліп келе жатқан бүлдіршін өзін қоршаған ортамен танысып, алғашқы дүниетанымын қалыптастырады. Кіп-кішкене сәбилерді ән айтып, би билеуге, өлең оқып, әріп тануға баулитын тәрбиешілер де өз ісінің шебері деуге әбден лайықты. Ауданымыздағы іргелі мектепке дейінгі ұйымның бірі – Таңдай ауылындағы «Райхан гүлі» балабақшасы.

r

Балабақша қызметкерлерінің негізгі міндеті – бала өмірі мен денсаулығын сақтай отырып, мектепке сапалы дайындау болса, бұл бағытта «Райхан гүлінде» бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Педагог тәрбиешілері аудан мен облыс ғана емес, республика деңгейінде де танылып жүр.

rai21020-1

-«Олар – кімдер?» дейтін болсақ, Алтынгүл Аққалиқызы, Айгүл Анарбекқызы, Зәмзәгүл Нұрмұхамедқызы. Бір қуантарлық жағдай, соңғы кездері жас мамандар да балабақшаның жұмысына қызығушылық танытып жүр. Екі жас педагогымыз Перизат Асылбекқызы мен Гүлдана Қанатқызы да еселі еңбек етуде. Педагогтарымызбен қатар балаларымыз да түрлі сайыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге жетіп жүр, – дейді балабақша меңгерушісі Биғайша Құмарова.

rai21020-2

Пандемия бөбекжайларға да әсерін тигізгені белгілі. Балабақша жабылғанымен де қызметкерлердің жалақылары толықтай сақталып, тәрбиешілер балалармен қашықтықтан жұмыс жасап, оқу-тәрбие жұмысын тоқтатпаған. Карантин жеңілдеп, балабақшалардан кезекші топ ашуға рұқсат берілгеннен кейін «Райхан гүлінен» де үш кезекші топ ашылыпты. Әр топтағы 15 бала осы жерде тәрбиеленсе, қалған балалар үйден онлайн тәрбие алуда. Балабақшаның материалдық жағдайы жақсы. Бізге жұмыс жасауға мүмкіндік туғызып отырған аудандық әкімдікке, білім бөліміне, ауыл әкіміне ризамыз. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келе жатқанын балабақшаға деген сұраныстың артқанынан байқауға болады, – деген Биғайша Қабижанқызы «Ауданның барлық мұғалімдерін келе жатқан мерекемен құттықтаймын!Біздер тәрбиелеген ұрпақ – болашақ тәуелсіздіктің тірегі. Жақсы күндерге жету жолында бірлесе еңбек ете берейік», – деген ақжарма тілегін де жеткізді.

r

Осы балабақшаның қызметкерлерінің жол көрсетер темірқазығы, бағыт берер бағдаршамы іспетті Биғайша Қабижанқызының өзі де білікті педагог, іскер басшы. Ерен еңбегі үшін 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, 2018 жылы «Ұлағатты ұстаз » төсбелгісімен, 2019 жылы Президенттің алғыс хатымен марапатталған. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің де «Құрмет» грамотосын иеленген белсенді басшы қоластындағы қызметкерлерін де жоғары деңгейде дайындап келеді.

r

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521