О.Шонаев атындағы орта мектептің 2 орыс «в» сынып жетекшісі З.Амирова «Менің отбасым-менің байлығым» атты сынып сағатын өткізді.
Онда отбасы құндылықтары дәріптелді. Сынып сағатында оқушылармен қатар ата-аналар да белсене қатысты.
Дөңгелек үстелде өз ойларын айтып, әр бала өз жанұясының суретін салды.
Мәселен, оқушылар Айсана Жұмабек, Амина Ринатқызы, Саяна Жолдас өз өнерлерін көрсетіп, аналарына ән арнады.
Сынып сағатында шаңырақ маңыздылығы, жанұя құндылығы, ерекшелігі сөз етілді.
Төлешова Айгерім, ата-ана