Отбасы – бақыт мекені

Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта  мектебінде «Отбасы-бақыт мекені» атты ата-аналар апталығы өтті.

Апталық «Жалын» квартетінің орындауындағы «Жанұям» әнімен ашылды. 4 «а» және «б» сыныбының оқушылары мен ата-аналары шаңырақ алып шықты. Өнерлі ата-аналардың қатысуымен «Өнер көзі- халықта» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Ата-ана Лариса Сахиева қыз балаларға түрлі қазақ киім үлгілерін көрсетіп, сәукелелердің жасалу жолдарын үйретсе, Салауат Әубекеров ағаштан түрлі қолөнер бұйымдарын, станок әкеп жасап көрсетті. Гүлзада Қалауова тәтті торт түрлерін пісіріп үйретсе, Жұмасұлу Дюсенова тігін машинасымен көрпе тыстарын тігіп үйретті. Шараның оқушыларға үйретері мол болды.

Сонымен қатар 9 «а», «б» сыныптарының жетекшілері Зәмзәгүл Жаңабаева мен Гүлшат Қашаубаева «Әке шаңырақ - тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сондай-ақ мектебіміздің ұстаздары Венера Балғожиева мен Бақтыгүл Жолдығалиева 5-8 сынып қыздарымен «Шашыңды жина жарығым» тақырыбында өнеге сағатын өткізді. Эльмира Хисметуллина мен Асылжан Сәрсенғалиев 9-10 сынып ер балаларының арасында «Жігіт сұлтаны» байқауын ұйымдастырып, ер балалар қол өнер, кір тасын көтеру, автомат шашып жинау, қазақ салт-дәстүрлерінен сұрақ-жауап түрлерінен сынға түсті. Апталық ата-аналардың көркемөнерпаздар байқауымен аяқталып, қорытындыланды.

Эльмира Хисметуллина,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT