Өсімдіктерді күтуге үйретті

Жуырда «Нұршуақ» бөбекжайының «Көбелек» кіші тобында жаратылыстану саласы бойынша «Өсімдіктерге күтім жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Бұл балғындарды өсімдіктерге күтім жасауға үйрету, табиғатты аялауға, әсемдікке және татулыққа, бірлікке тәрбиелеу мақсатын көздеді. Топ тәрбиешісі Қаракөз Амангелдіқызы сабақ барысында топтық жұмыстар арқылы балаларға бөлме өсімдіктерін күтіп-баптаудың қыр-сырын меңгертіп, жапырақтарын шаң-тозаңнан тазалауды үйретті.

l

Сондай-ақ «Гүл құрастыру» ойыны арқылы балаларды бірлесе жұмыс жасау арқылы татулыққа, бірлікке тәрбиеледі. Балалар ойын кезінде өздеріне берілген тапсырманы асқан қызығушылықпен, бар ынта-жігермен мұқият орындап шықты.

Сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті.

Л.Тусипкалиева,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521