Облыста Алтын белгі үміткерлерінің саны 40% артты

Атырау облысында 244 түлек «Алтын белгі» алуға үмітті болып отыр.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметіне сүйенсек, бүгін 200 мектепте соңғы қоңырау соғылды.

«Биыл Атырау облысында 11-сыныпты 5999 түлек аяқтады. Оның ішінде 4 789 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. Мектеп түлектерінің арасында «Алтын белгіден» үміткер 244 оқушы бар. Ал, 243 үміткер «Үздік аттестат» алуы мүмкін. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде «Алтын белгіден» үміткерлер саны 40% артты», -дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Оның айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес мектеп бітірушілерге бөлінетін грант түрлі кәсіптік, техникалық бағыттағы мамандықтарды қамтып отыр.

«Осыған байланысты Абай орталығында түлектерге арналған «Ашық есік» күнін өткіздік. Оған Астана ІТ университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Сүлеймен Демирел университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері қатысты. Мектеп түлектері мамандық таңдаудың маңызы, заманауи мамандықтар туралы ақпараттармен танысып, толық мағлұмат алды», -деп мәлім етті Айнагүл Дүйсекенова.

Мектеп түлектерінің арасында шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту алғандар да бар. Мәселен, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары шетел университеттерінің білім грантын жеңіп алған.

«Біздің мектептің биылғы түлектері Нұрсұлтан Жаңабай АҚШ-тағы Drexel University-нің Chemical Engineering мамандығына, Мәдина Даярдиева Венгриядағы Budapest Business School University of Applied Sciences университетінің Business Administration and Management факультетінде оқу грантын ұтып алды. Ал, Аман Бекмұратовқа шетелдің 5 университетінен шақырту келді. Оны білім алуға шақырған жоғары оқу орындарының қатарында Miami University, Marian University, Colorado State University, Jacobs University Bremen, La Sapienza University бар», -деп хабарлады зияткерлік мектептің баспасөз қызметі.


 

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика