Оқушы формасын сақтаған тиімді

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты ата-аналармен кездесу өткізілді.

Онда баланың бойына жақсы әдеттері сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесіп қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымдастығын да кірістіру мақсаты көзделді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай мектеп директорының міндетін атқарушы Ғ.Жексенбаева жаңартылған білім беру мазмұнымен жаңа 2018-2019 оқу жылында жаңадан мектепке қабылданған, ауысып келген білім алушыларға мектеп пен ата-ана арасында келісім-шарт жасалғаны туралы, мектеп жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне сүйене отырып, шәкірттердің мектеп формасын киюін қатаң бақылауға алуын ескертті. Одан әрі ол оқу процесін цифрландыру, мектеп жоспарын таныстырды. Ата-аналар комитетінің төрайымы А.Мухамбетжанова «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» тақырыбында баяндама жасап, онда мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы ата-ана беделіне құрмет көрсету, жанұяның рухани кемелдене түсуіне көмектесу, үй-ішінің балаларға оң ықпал туғызуына жәрдемдесу негізінде құрылуы тиістігін атап көрсетті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сапарова мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде 1 тоқсанда өткен іс-шараларға слайд арқылы кеңінен тоқталды. Ол балалардың көктемгі, күзгі, қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қатаң қадағалауды, алда қаһарлы қыс айлары келе жатқанын баяндап, ата-аналарға демалыс уақытында жасөспірімдер мен балаларға өте сақ болуды тапсырды. Мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Сүйінова қамқоршылық кеңес қызметімен таныстырып, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту мәселелерін қозғады. Залдан қойылған сауалдарға мектеп әкімшілігі, белсенді ата-аналар жауап қайтарды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз