Министр мектеп оқушылары қашанға дейін қашықтан оқитынын айтты

Білім және ғылым министрі "Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер" тақырыбындағы онлайн-конференцияда балалардың қашанға дейін қашықтан білім алатыны туралы сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министр мектеп оқушылары бірінші тоқсанда қашықтан оқитынын еске салды. Алайда 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарда оқу мүмкіндігі бар.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 530 мың баланың ата-аналары білім берудің осы форматына жүгініп, өтініш берген. Сонымен қатар, балалар осы форматта қанша уақыт оқитыны туралы сұраққа қатысты Аймағамбетов мұндай шешім бірінші оқу тоқсанына қатысты екенін айтты. Бұдан әрі шешімдер коронавирустың эпидемиологиялық жағдайына байланысты қабылданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT