Мектептерде мамандандырылған күзет болады

Қазақстан мектептерінде мамандандырылған күзет болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейнебақылау камералары, даладағы дәретханаларға қатысты Президенттен нақты тапсырма болды. Біз 1 қыркүйекке дейін мұның бәрін орындауға міндеттеме алдық. Біз мұның барлығын да жасаймыз», - деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер білім ошақтарын видеобақылаумен жабдықтау мәселесіне тоқталды.

«Аталған видеокамераларды полиция бөлімшелерімен ықпалдастыруға қатысты айтсақ, бұл міндетті болады. Олар да не болып жатқанын біліп отыруы тиіс. Қазіргі уақытта біз аудан, облыс орталықтарына мектептегі күзеттің барлығын ведомстводан тыс күзетке ауыстыру қажеттігін айттық. Қазіргі уақытта негізінен мектеп күзетінде апалар мен аталар отырады. Нәтижесі өздеріңізге белгілі», - деді Б.Сапарбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз