Махамбеттік Дильназ Шонаева – республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсы қорытындыланды.

Конкурстың республикалық кезеңі 3-7 сәуір аралығында онлайн форматта өтті. Конкурстың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 19 секция бойынша 718 жобамен 900-ден астам оқушы қатысып, бақ сынады.

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша Атырау командасының қоржыны 13 медальмен толықты. Үш оқушы бірінші орынға ие болса, екі оқушы екінші орын иеленді. Атыраулық сегіз оқушыға үшінші орын бұйырса, төртеуі мақтау қағазымен марапатталды.

Облыс намысын қорғаған Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дильназ Шонаева жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жеңімпаз атанды. Жетекшісі - Фариза Жұмабаева.

Аудандық білімі бөлімі мен Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі ұжымын үлкен жетістікпен құттықтаймыз. Республикалық додаларда аудан, облыс намысын асқақтатар шәкірттеріңіз көп болсын!

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз