М.Мақатаевтың шығармашылығына арналды

Жақында Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби шығармашылық кеш өтті.

Мақсаты –ақынның өмірі, шығармашылығы, поэзия құдіретін таныту, шығарған өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларын таныстыру. Осы өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту еді.

burysh040320

Сонымен қатар 9 сынып оқушыларының «Ақ пен қара айқасы», 8 сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылымдарын қойып, Д.Жәңгірова ананың рөлін, ал Мұқағалидың бейнесін А.Сағынбаев сәтті орындады. А.Ғарифоллақызы Ақын рухымен сырласу, И.Ақылбекқызы «Бақыт деген» әнін орындады. 10 сынып оқушылары Мұқағали мен Фариза диалогін қойып, кештің көрін аша түсті.

sahna040320

Біздерге осы өткен шараның тәрбиелік мәні зор үлкен әсер қалдырды.

Г.Саресова,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің

9 сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521