Бала құқығы - асыл қазына

«Тәртіп сақшысы-2020» аудандық байқауы одан әрі Қосарал мектебінде жалғасты.

Байқауды Еңбекшіл негізгі мектебі ашып, бес оқушы инспекторымен шықты. Оқушы Қ.Ануарбекұлы «Бейбітшілік» тобын эмблемасымен, ал Қосарал мектебінің «Ақиқат» тобы полицей киімінде шығып, таразы бейнесіндегі эмблемасын таныстырды. Алға ауылының «Жас қыран», есболдық «Жігер» топтары кино хроника типтес етіп берді.

q

Қызылүй мектебінің «Айбын» тобы да эмблема, әнін шырқап, көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Біз әлеуметтік желідеміз» бөлімінде Еңбекшіл мектебінің 2 инстаграмында 42 досы барын, 26 материал шыққанын айтса, «Ақиқат» тобының фейсбук, инстаграмы 2019 жылдың қыркүйегінде ашылып, оған 8 материал салынғанын, 45 адам жазылғанын білдік.

q

Ал в контакте желісіне 15 материал шығып, 43 сурет салынған. Алға мектебінің в контакте желісі 2019-2020 жылдары ашылған, 105 жазылушы бар, ал инстаграм, ватсап 2019 жылдың 25 ақпанында ашылған болып шықты. Есбол мектебінің инстаграмы 2020 жылдың 10 қаңтарында ашылып, оған 66 адам тіркелген. В контакте желісі бұрын болғанымен, қазір жабылып қалған. Қызылүй мектебінің инстапарақшасы 2019 жылдың желтоқсанында ашылып, 38 оқырманы бар екен. Оған 13 фото, 6 материал салыныпты. Ең соңғы «Біз тәртіпті әлемде өмір сүреміз» бөлімі Еңбекшіл негізгі мектебінің флеш-мобымен басталды.

q

Қосарал мектебінің көрінісінде тамаққа шақырған анасына қарамай, әкесінің машинасын рұқсатсыз айдап, би кешіне кетеді. Онда бір баламен қақтығысып қалып, ренжіп шығып, ұштыртып айдап, бір адамды қағып кетіп, түрмеге түседі. Ол түрмеде отырып, үйіне хат жазып, ата-анасынан кешірім сұрайды. Алға ауылының «Мейірім мекені» көрінісі көпке терең ой салды. Жазғы лагерьге әр елден келген түрлі ұлт өкілінің балаларының арасында жапон қызы бұлтты аспанды көріп, бомбалап жатыр екен деп ойлап, есінен танып қалады. Оны тауда өсетін гүлді тауып әкеп, емінен айықтырғаны ертегі желісіне ұқсайды. Соңы мейірім, достық, татулық, бейбітшілік әлемді құтқарады деп аяқталады.

Есбол мектебінің көрінісі де ертегі желісінде құрылыпты. Сыбызғы тартқан қоянның аспабын аю тартып алып, қан қақсатады. Қасқыр келіп, сыбызғыны ала алмай, соңында маса келіп, алып береді. Қызылүй мектебінің «Айбын» тобы ән салуымен байқау да мәресіне жетті. Байқауды аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Нұрланқызы қорытындылады.

q

Аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі ісі жөніндегі инспектор, капитан Е.Чуйншкалиев жеңімпаздарды марапаттады. Жүлделі І орынды Алға мектебі жеңіп алса, ІІ орын Қосарал, Еңбекшіл мектептеріне бұйырды. Жүлделі ІІІ орынға Есбол мектебі ие болса, ал Қызылүй мектебі «Алғыс хатпен» марапатталды.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT