«Ұлымның алғашқы ұстазына алғыс білдіремін»

Көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күні қарсаңында ұлыма алғаш қалам ұстатып, әріп тануды үйреткен ұстазына аналық ақ тілегімді білдіргім келеді.

Мен бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты анамын. Қызым Кристина Е.Ағелеуов мектебінің 7 сыныбында, ал ІІІ топ мүгедегі ұлым Олег облыстық көмекші мектеп интернатының 4 сыныбында білім алуда. Ерекше баланы тәрбиелеу – ерекше жігерді талап етеді. Ұстамды болу, сабырлылық таныту, жалықпай үйрете білуге кез келген ұстаздың шыдамы жетпесі анық.

Ұлым алғаш мектепке барғанда құшақ жайып қарсы алған алғашқы ұстазы Нұргүл Денгилованың орны бөлек. Себебі, Олег те ұстазын ерекше жақсы көреді. Ұлымның мектеп табалдырығын аттағаны күні кеше сияқты еді. Зымырап өткен уақыт-ай! Биыл 4 сыныпты аяқтағалы отыр. Осы төрт жыл ішінде қолына қалам ұстаптып, әріп танытып, бар білімін балаларға үйретуден жалықпай, тәрбиелеп өсірген Нұргүл апайға Алғыс айту күні қарсаңында аналық ақ тілегімді білдіруді жөн көрдім. Нұргүл Бақтығалиқызы, сіздің ұстаз ретіндегі өз ісіңізге деген адалдығыңыз бен еңбекқорлығыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Ұлымның мүмкіндігі шектеулі екендігіне қарамастан оң-солын танытып, ел қатарлы білім алуына қосқан үлесіңізге үлкен рахмет.

Сіздің жігеріңіз бен талапшылдығыңыздың арқасында ұлым көп нәрсені үйренді. Түрлі сайыстарға да қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Соның ішінде, республикалық «Туған жерім» фото-суреттер және «Сәтті селфи» балалар байқауынан І орын иеленсе, «Шексіз өмір» байқауының мектепшілік кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Көп ұзамай бастауыш сыныппен қоштасып, 5 сыныпқа қадам басамыз. Біздің сізге бауыр басып қалғанымыз сонша сізді өте жақсы көреміз. Сіздің деніңізге саулық, жұмысыңызға табыс мен шығармашылық өрлеу тілейміз.

 

Марина БРУДКО,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT