Елімізде І республикалық педагогтер съезі өтеді

Фото: https://t.me/oqu_agartu

​​Білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай елордада республикалық педагогтер съезі өтеді. Мұндай шара 2005 жылдан бері өткізілмеген. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанның оқу-ағарту саласы қызметкерлері мен ғалымдарының съезі алғаш рет 1924 жылы өтті. Оның жұмысына көрнекті мемлекет қайраткерлері, "Алаш" партиясының жетекшілері қатысты. Съезде оқулықтар дайындау, мұғалімдерді даярлау бойынша техникумдар мен институттар ашу, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу және т.б. білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында мұғалімдер съезі 1998 және 2005 жылдары өткізілді.

Биыл Республикалық педагогтер съезі алғаш рет Үкімет қаулысымен бекітілген - Мұғалімдер күніне орай 5 қазанда өтеді. Бұл мереке дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген болатын.  

Съез аясында арнайы ұйымдастырылған алаңдарда педагогтер озық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша оқу, әдістемелік-дидактикалық оқу құралдарының мазмұнын жетілдіру, педагогикалық ресурстың жоғары мәдениетін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір балаға білім мен тәрбие беру үшін кедергісіз жағдай жасау мәселелері қаралады. 

Отырыстың пленарлық бөлігінде үздік педагогтер, сарапшы-жаттықтырушылар, жас мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру жүйесінің ардагерлері сөз сөйлейді.

Республикалық педагогтер съезінде орта білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек. Бұл күні еліміздің үздік педагогтерін марапаттау рәсімі де өткізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521