Махамбет ауданында мұғалімдер арасында байқау өтті

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы базасында ҚР Білім және ғылым министрінің «Оқу әдістемелік және ғылыми әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 29-қарашадағы №583 бұйрығына сәйкес  мұғалімдер арасында «Екі ғылым тоғысы» атты интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды.

 Байқауға аудан мектептерінен  химия, биология пәндерінің  8 мұғалім қатысты. Мақсаты -  аталмыш пән мұғалімдері арасында жоғары деңгейлік пәндік білімі бар, педагогикалық құзыреттіліктері жоғары және кәсіби дағдыларға ие команданы анықтау, қазіргі педагогикалық қоғамдастықта педагогтардың шығармашылық өсуі, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мотивациялық орта орта құру, тәжірибе алмасу, функционалдық сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырмаларды талдау.

Аудандық байқаудың шарты бойынша, химия мен биологиядан жеке сұрақтар, есеп  шығару, функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар, «химия тұрмыста»деп аталатын лайфхак, биологиядан «пентагон» ойыны және  тесттер орындалды.  

Байқау қорытындысымен биология-химия пәндерінің мұғалімдері командалық есеп  бойынша жүлделі орындарды иемденіп, білім бөлімінің дипломымен  марапатталды.  Байқаудың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғаған «Даму» командасы «Алғыс хатқа» ие болды.

А.Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз