Дені сау ұрпақ-қоғам байлығы

Осындай тақырыппен Жалғансай орта мектебінде алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек пәндері бірлестігінің апталығы өткізілді.

Пәндер бірлестігі апталығының ашылуында бірлестік жетекшісі Ж.Шыниязов іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті. Соған сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар жоспарлы өткізілді.

Музыка пәні мұғалімі А.Кенжебаева «Стадион үні» атты ашық сабақ, көркем еңбек пәні мұғалімі Д.Көшенбаева «Он саусақтың құдіреті», «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында көрме, шеберлік сағаты өткізсе, оқушылардың сыныптан тыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында үзілісте «Өнер әлемі- мәңгі жастық әлемі» ұранымен мектеп тәлімгері Б.Жұмағазиеваның ұйымдастыруымен флешмоб биленді.

Ұмытылып бара жатқан асық ойынын жаңғырту мақсатында «Асық ойнаған озар» атты қыздар арасындағы «Бес тас» ойынын дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Сиджанова өткізді. Сонымен қатар мектебімізде 9-11 сыныптар арасында баскетболдан және «Ел қорғауға әзірміз» тақырыбында автомат шашу және жинаудан сайыстар өткізді.

Шара соңы апталыққа белсенділікпен қатынасып, түрлі сайыстардан жеңімпаз болған оқушылар арнайы дипломмен марапатталды.

Б.Жұмағазиева,

Жалғансай орта мектебінің тәлімгері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз