Аудандық әкімдіктің қолдауымен 2018 жылы З.Ещанова атындағы өнер мектебінде дизайн, бейнелеу сыныптары ашылған болатын. Содан бері мұнда әр сыныпта 17 оқушыдан топтық сабақтар өткізіліп келеді.
Бұл жаңа мамандықтардан дәріс беретін жас педагог-мамандар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлектері. Атап айтсақ, дизайн мамандығынан Армангүл Адилгалиева, ал көркемсуреттен Шынаргүл Қобыланова сабақ береді.
Өнер мектебінде жоспарға сай «Қысқы көріністер» көрме-байқауы ұйымдастырылып, оған оқушылардың салған суреттері мен қолөнер бұйымдары қойылды. Келушілер мен ата-аналар көрмені тамашалап, әділ бағасын берді. Дизайн бойынша жүлделі 1 орынды А.Жайшылық, 2 орынды Л. Мырзали, А.Каримова алса, ал 3 орынға З.Каримова, Қ.Тлеубай, А.Салауатова ие болды. Енді бейнелеу бойынша жүлделі 1 орынға Ж.Жұмағали іліксе, 2 орын А.Салауатова, А.Мағфуроваға бұйырды. Жүлделі 3 орынды Ғ.Мырзағали, Н.Қуан, Ж.Амангельдина қанжығаларына байлады.
Н.МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА,
З.Ещанова атындағы өнер мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары.