Атыраулық оқушылар марапатталды

Бүгін, 19 мамыр күні «Silk Way» мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов шараға онлайн қатысып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық сындардан мүдірмей өткен оқушылар қатысты. Шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова аймақ намысын қорғаған оқушыларды құттықтады.

- Республикалық олимпиадада облыс намысын 72 оқушы қорғап, 42 оқушы жеңімпаз бен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл жетістікке жету үшін оқушыларға барымызша қолдау көрсеттік. Олимпиадаға дайындау мақсатында оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, дәріс беру үшін өлкеміздің ең үздік ұстаздары топтастырылды. Жетістікке жету жолында еңбек еткен атыраулық ұстаздарға да өз атымнан шексіз ризашылығымды жеткізгім келеді, – деді Бақытгүл Хаменова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT