Атырауда биыл 10 мектеп пайдалануға берілді

«2021 жылы 10 мектепт қолданысқа берілді, 2022 жылы 11 мектептің  құрылысын аяқтау жоспарлануда» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, қалған мектептердің құрылысы 2023-2025 жылдары іске қосылатын болады.

Демографиялық оң үрдіске байланысты үш ауысымды білім беру мәселесі 11 мектепте кездесіп отыр.

Тамыз мәслихатында баяндама жасаған облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, Атырау облысында апаттық жағдайдағы 4 мектеп тіркелген.

– Бұл проблемалардың қай-қайсысы да кезең-кезеңмен шешіледі. Мәселелерді шешу үшін бүгінде облыста 15 мектептің құрылысы жүргізілуде, сонымен қатар 6 мектептің құрылыс жұмыстары басталады.

Атырау облысы және Атырау қаласы  бойынша үш ауысымды оқу және апатты мектептер мәселелері толықтай 2023 жылы шешіледі» деп нақтылады спикер.

Атап өтілгендей, қазіргі уақытта облысымыздың барлық мектебі жаңа оқу жылына толықтай дайын. 2021- 2022 оқу жылын 197 мектеп бастағалы отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз