Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев тамыз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
– Өңірде ерекше білімді қажет ететін 6653 бала бар, - деді ол. – Олардың білім алуына 159 мектепте (81%) жағдай жасалған. Осы көрсеткішті 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу міндеті тұр.
Осы орайда, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін ашу ғимарат тапшылығына байланысты мүмкін болмай отыр. Атырау қаласы бойынша ерекше білімді қажет ететін балалар үшін екі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығы қажет.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі бастамасымен Индер ауданында инклюзивті білім беретін арнайы сынып ашылған болатын.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ