Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебіне барды

Ол өңірдегі білім сапасын арттыру аясында «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебі мен Х.Досмұхамедов университеті жанынан құрылған ер балаларға арналған «Ұстаз» мектебінің бірлескен жұмысымен танысты – деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ауылдардан және өңірдегі жағдайы төмен отбасынан шыққан талантты балаларды қолдауды басты назарда ұстап отыр. Сол себепті , мұндай қажетті орталықты кеңейтіп, өзге орындардан бөлімшелер ашу да артық етпейді. Орталықтың білікті ұстаздарының өңірдегі педагогикалық құраммен жаңа бағытта білім берудің жолдары туралы тәжірибе алмасуы маңызды – деді облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова .

Облыстағы білім сапасын арттырып, оның ішінде шалғайдағы ауыл балаларына кәсіптік бағдар беру мақсатында құрылған «Ұстаз» мектебінің оқушылары «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің ерекше методикасы арқылы білімдерін шыңдауда.

- Біз, «Зерделі» мектебінде ҰБТ-ға дайындалып жатырмыз. Мұндағы, әр сабақ өте қызық. Жалықтырмайды. Керісінше, «Зерделі» мектебінің білікті мұғалімдері біліміңді одан әрі жетілдіре түсуге мотивация береді – деді, «Ұстаз» мектебінің оқушысы Қ.Мейіржан.

Айта кетейік, ер балаларға арналған «Ұстаз» мектебінің негізгі бөлігі педагогикалық бағытта терең білім алып жатыр. Еске сала кетейік, «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің филиалы қыркүйектің 24-де ашылған болатын. 300 оқушыға шақталған орталықта қазір 100-ден аса оқушы білім алады. Олардың арасында шалғайдағы аудан, ауыл мектептерінен келгендер де бар. НЗМ, БИЛ, ҰБТ және еліміздің өзгеде де ірі оқу орындары мен олимпиадаларға дайындайтын орталық әр оқушының ойлау қабілетін қалыптастырып, интеллектісін шыңдап, логикасын дамытуға мүмкіндік береді. Өйткені, мектептің білім беру әдістемесі ерекше методикаға құрылған. Оқушылармен жүздескен облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ұжымға ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT