Атырау облысы білім беру басқармасына басшы тағайындалды

Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен білім беру басқармасы басшысының лауазымына Ерлан Талғатбекұлы Сламбеков тағайындалды.

Ол осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңа басшысы ұжымға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ерлан Сламбеков 1983 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Ол Түркияның Селжук университетінде «тарих» мамандығын тәмәмдаған.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогика университетінің  тарих магистрі, Еуразия ұлттық университетінің  педагогика және психология мамандығы бойынша PhD докторанты.

АҚШ-та Mindsteps TM және ASCD, Ұлыбританияның North London Grammar School-да, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларындағы білім беру орталықтарында тағылымдамадан өткен. 

Ерлан Сламбеков еліміздегі бірқатар мектепті басқарған. Көптеген еңбектер мен  мақалалардың авторы. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық білім бәйгесінің жеңімпаздары. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері. 

Еңбек өтілі:

09.2005 - 08.2006 жылдар аралығында А.Мәлкеев ат. Есік қазақ-түрік жасөспірімдерге арналған  лицей-интернатында тарих пәні мұғалімі;

08.2006 - 08.2009 жылдар аралығында «Ақтөбе облысы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ-сінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары;

09.2009 - 08.2011 жылдар аралығында Қостанай облысы білім басқармасы «Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ-сінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары;

09.2011 - 08.2013 жылдар аралығында Сулейман Демирел атындағы колледжінде  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары;

09.2013 - 08.2014 жылдар аралығында БҚО әкімдігі білім басқармасы «БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» ММ-сінде директордың бағдарлы оқыту бойынша орынбасары;

09.2014 - 07.2015 жылдар аралығында «Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ-сінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары;

07.2015 - 08.2019 жылдар аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ-де директор;

10.2019 - 11.2020 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледж» МКҚК директоры;

09.2021 - 05.2023 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ директоры; 

05.2023 жылдан бастап  тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары қызметінде болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT