Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға құжаттар тапсыру туралы:
– Қабылдау уақыты: 2023 жылғы 13-20 шілде аралығы;
– Құжат тапсыру «Электрондық үкімет» порталы және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы өтеді;
– Конкурсқа ҰБТ-дан және жалпы конкурс нәтижелері бойынша шекті балл жинаған үміткерлер қатыса алады;
Шалғай өңірдегі талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс жасайды; (виртуалды кеңесші бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі).
Жоғары оқу орындарының Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді:
2023 – 2024 оқу жылына арналған жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Атырау облысына 1500 грант бөлінді.
Оның ішінде:
Педагогика ғылымдары – 283;
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 49;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 561;
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 607;
Гранттар тізімін мына сілтеме бойынша алуға болады: