«Шолпан» санаторлық бөбекжайында ересек топ балаларымен тәрбиеші М.Кенжешованың ұйымдастыруымен «Алтын күз келді бақшама» атты күз мерекесі өтті.
Шарада балалар күз ханшайымымен кездесіп, күз туралы өлеңдер оқып, әсем сазды әндерін шырқады.
Биші қыздар "Жапырақтар", "Тамшылар" биін дөңгелене биледі. Күз ханшайымы өнерлі балаларға риза болып, жеміс-жидектерге толы сыйлығын тарту етті.
Балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған мерекеге ата-аналар да қатысып, өнерлі балаларға алғыстарын жаудырды.
К.Ізмағамбетова,тәрбиеші