Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 2 «б» сыныбында «Берекелі алтын күз» мерекесі өткен еді.
Б.Жұмабаева жетекшілік ететін сыныптың ата-аналары ұйымдастыруымен өткен күз мерекесі бес бөлімді қамтыды.
Сынып «Күзгі сый», «Алтын күз» топтарына бөлініп, алдымен өздерін таныстыруды. Өрендер бар өнерлерін ортаға салып, одан әрі биден сайысқа түсті. Қолөнер, сурет салудан өткен сайыстарда да топтар қалыс қалмады. Балалар өздері салған суреттерін, жасаған қолөнер бұйымдарын таныстыруды да ұмытпады. Арасында ойыншықтар да бар екен. Ойыншық тасбақа кәдімгі тасбақа сияқты. Ішінде аң, құс, жан-жануарлар да бар. Олар күзгі тағам түрлерін көрсетіп, әсіресе, күзгі салаттармен дастарханды жайнатып қойыпты. Әр тағамды ерекше сәнде қойғанын айтсаңшы. Кәрзеңке үлгісіндегі тағамдар да тұр.
Ал қыздар сән үлгілерін көрсеткенде тамсанбаған жан қалмады. «Адам қиялы шексіз» демекші, күздің сәні ерекше үлгіде өтті. Түрлі пішіндегі киімдер тіпті көз жауын алып тұр. Ерекше үлгідегі бас киімдер, сөмкелер қаншама. Сондай-ақ ішінде құс, жан-жануар үлгісіндегі киімдер киген ұл-қыздарымыз да болды. Күз кереметі деген осы да. Балалар өнеріне тамсанған ата-аналар алғыстарын жаудырып жатыр.
А.Смагулова,
ата-ана