Алтын күз ғажайыптары

Жуырда «Нұршуақ» бөбекжайындағы кіші, ортаңғы, ересек, МАД тобының бүлдіршіндері арасында «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!» атты тартымды да керемет шаралар болып өтті.

Кіші «Ақбота», «Ақерке», «Көбелек» топтарында тәрбиешілер Т.Салиева, Қ.Тайшұнақова, Ж.Ашимованың ұйымдастыруымен бөбектер былдыраған тәтті, бал тілімен өлеңдер оқып, әндер шырқап, әсем әуендермен билеп, одан әрі кезек ойындарға берілді. Ортаңғы «Жұлдыз», «Радуга» топтарында тәрбиешілер Г.Зейнова, Г.Сериковалар балғындарға «Күз» ханшайымының тапсырмаларын орындатып, одан әрі олар сән үлгілерін көрсетті. Ересек «Гүлдер» тобында «Көкөністер дауы» атты ертегіден қойылым көрсетілсе, «Теремок» тобының бүлдіршіндері жемістер мен көкөністерге байланысты жұмбақтарды тез шешті.

n

Бұл жұмыста тәрбиешілері А.Сатаева, Н.Давлетьярованың еңбегі зор болды. «Қарлығаш» және «Ягодка» МАД тобының бүлдіршіндері асыға күткен күз мерекелеріне арнап алған білімдерін, бар өнерін ортаға салды. Әрбір топ шара соңында ата-аналарымен бірлесіп дайындаған, ой-қиялдарынан туындаған түрлі бұйымдарды, өз қолдарымен салған суреттерін жұртшылықтың назарына ұсынды.

Ата-аналар қауымы «Нұршуақ» бөбекжайының ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Г.Масалова,

«Нұршуақ» бөбекжайының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз