Ақтоғай орта мектебінің директоры Жоламан Ізғали республикалық дебат турнирінде жүлдегер атанды

Атырау қаласында мектеп басшылары арасында алғаш өткізілген «Director’s cup» І республикалық дебат турнирінде еліміздің түкпір-түкпірінен мектеп басшылары жиылып, пікірсайыс өтті.

Осы бәсі биік додада  жүзден жүйрік шыққан Атырау облысының «Хазар» фракциясы екінші орынға ие болды. Екі күнге созылған дебат турнирінде Атырау облысынан қатысқан "Хазар" фракциясы құрамында Атырау қаласындағы №13 мектеп гимназиясының директоры Досжан Болатбекұлы мен Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінің директоры Жоламан Ізғали болды. Олар финалда Ақмола облысының "Шың" фракциясымен кездескен болатын.

5b3cdc77-4430-4062-807a-d8212bd5a47e

- Ойын "БП қазақ халқы жаһандану кеңістігінде ұлттық құндылықтарын жоғалтпайды деп есептейді" тақырыбында өтті. Ал жеңіс қонақтардың пайдасына шешілді. Шын мәнінде қарсылас Мейрамбек пен Дулат мықтылығын дәлелдеді. Ұйымдастырушы Атырау облыстық әдістемелік орталығына ризашылығымды білдіремін,-дейді Ақтоғай орта мектебінің директоры Ж.Ізғалиұлы.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT