Ұжымдық иммунитетсіз ауруды жеңе алмаймыз

Аудан аумағында наурыз айынан бастап эпидемиологиялық жағдай күрделі, эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймақтамыз.

Қазіргі уақытта Махамбет ауданының орталығында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың аудан бойынша анықталған барлық жағдайлардың 65% құрап отыр. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын, сондай-ақ үй карантині талаптарын сақтамаумен байланысты.

Әрқайсыңызды өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға шақырамын және сіздерге:

- эпидемиологиялық жағдайы күрделеніп тұрған аймақтарға барудан, қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тартуға;

- халық көп жиналатын орындарға бармауға;

- жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмауға;

- әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтауға кеңес беремін.

Ауданда ақпан айынан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Ұжымдық иммунитет қалыптастырмай ауруды жеңе алмаймыз. Мен Сіздерді барлық санитарлық нормаларды қатаң ұстануға, коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинацияны қолдауға шақырамын.

Г.АЖИГАЛИЕВА,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз