Жылу мен судан кідіріс болмайды

Махамбет ауданы әкімдігінің 2018 жылы 25 маусымда «Энергиямен қамтамасыз ету кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерін 2018-2019 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау туралы» №169 қаулысы қабылданып, жылу беру маусымына дайындық штабы құрылды.

Күні бүгін 2018-2019 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық штабының 3 рет отырысы өткізілді. 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымына дайындық бағытында ауылдық округтермен, дербес мекемелер бойынша қажеттіліктер анықталып, облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 44 су насосы,18 жылу қазаны, 23 электр генераторы, 11 тұрақтандырғыш-стабилизатор басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Қазіргі уақытта Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының жылу желілері толықтай жөндеуден өткізіліп, ауылдық округтермен дербес мекемелерге 27 дана насос, 5 дана электростанция, 10 дана жылу қазандықтары, 9 дана стабилизатор, 1 дана теплообменник, 12 дана генератор, 2 дана газ есептегіш құралы, 3 дана газдың горелкасы, 3 дана газбен жанатын жылу беру құралы (конвектор) және ауыл тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету мақсатында Есбол ауылдық округіне қарасты Еңбекшіл елді мекеніндегі су тазарту қондырғысына және Алға ауылының су тазарту қондырғысына 2 дана су сүзгіші сатып алынып, тиісті мекемелерге берілді.

Сондай-ақ жылу беру маусымы кезінде жергілікті бюджетке қарасты мекемелердің жылу орталықтары үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында сервистік қызмет көрсету үшін жоспарланып, тиісті бюджеттік мекемелердің есеп шоттарына қажетті қаржы салынды. Аудандық бюджетке қарасты барлық мекемелер ЖК «Жылу Сервис», ЖК «А.Иманалин» және «РЦКУ-Запад» ЖШС-мен келісім шартқа отырған.

Сонымен қатар «Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде Махамбет аудандық «Исатай-Махамбет» мешітінде бір жылу беру орталығы және «Тұрмыс қызмет» ЖШС-де 4 жылу беру орталықтары бар. Махамбет аудандық «Исатай-Махамбет» мешітіндегі жылу беру орталығы арқылы аудандық мешіт, «Жауқазын» балабақшасы және З.Ещанова атындағы саз мектебі жылумен қамтамасыз етіліп отыр.

«Тұрмыс қызмет» ЖШС-нің теңгеріміндегі 3 жылу орталықтарында 11 жылыту қазандықтары орналасқан, осы қондырғылар арқылы 2 қабатты 3 көп пәтерлік тұрғын үй, аудандық мұрағат, 2 балабақша, орталық аудандық кітапхана, Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі және 20 бюджеттік мекеме жылумен қамтамасыз етіледі. Күні бүгін жылу орталықтары жылу беру маусымына толықтай дайын. Қазан айының 1-нен бастап жылу берілуде. Жылу желілері қысыммен тексерілді. Паспорттармен қамтамасыз етілді. Пайдаланған табиғи газбен, энергия беруші мекемелер алдында берешектері жоқ.

Ауданның су тазарту қондырғылары 34 жылу қазандықтары, 17 дизель генераторларымен қамтылған. Күні бүгін су тазарту қондырғылары бірқалыпты жұмыс жасап тұр. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарын таза әрі сапалы сумен қамтамасыз ету және бір жерден қаржыландырылатын операторға беру мақсатында Алмалы және Береке ауылдарындағы су тазарту қондырғылары «АтырауСу Арнасы» мекемесіне беріліп, құжаттары рәсімделуде. Ауыл тұрғындарын таза әрі сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында Есбол ауылдық округіне қарасты Еңбекшіл елді мекеніндегі су тазарту қондырғысына және Алға ауылының су тазарту қондырғысына 2 дана су сүзгіші сатып алынып, тиісті ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне берілді. Сонымен қатар Махамбет ауылындағы №1 су тазарту қондырғысына 22 кВт 1К-100-65-200 су айдау насосы, Махамбет ауылындағы №2 су тазарту қондырғысына 15 кВт К-80-50-200 су айдау насосы, Сарытоғай елді мекеніндегі су тазарту қондырғысына қуаттылығы 4х3000 кВт об/мин 2 дана ГНОМ 53-10, Талдыкөл елді мекеніндегі су тазарту қондырғысындағы ДВУ1-415/С қосалқы бөлшектерді жеткізу және орнату жұмыстары атқарылуда.

Махамбет аудандық «Атырау-Жарық» электр жүйесі бөлімшесінің қарауында 6 жоғары кернеулі подстанция, 154 дана төменгі кернеулі комплексті трансформаторлы және 757,1 шақырым жоғарғы (608,1) және төменгі кернеулі (149) әуе желілері бар. Күзгі-қысқы маусымға дайындау барысында өз есептерінен күрделі жөндеуден өткізілуде. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның бөлімшесі қамтамасыз етіп отырған 184 шақырым жоғары қысымды, 53,5 шақырым орта қысымды, 139 шақырым төменгі қысымды газ желілері және 244 ГРП, ШРП, 2 АГРС газ қондырғылары бар. Газ желілері мен шкафтарын өз жоспарларына сай жөндеу және сырлау жұмыстарын атқарды. 2017 жылы облыстық бюджеттен 14 млн. теңге қаражат бөлініп, «Мерей» ықшам ауданына төменгі қысымды құрылысы салынған 76 шақырым газ желісі ағымдағы жылы іске қосылып, пайдалануға берілді.

А.ЗИНОЛЛАЕВ,

аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT