Жүргізу куәлігінсіз көлік басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған

көлік құралына соқтығыс жасап, нәтижесінде жәбірленушінің көлік құралы бүлініп, оған материалдық залал келтiрген.

Құқық бұзушы мүлдем жүргізу куәлігін алмаған күйде көлік басқарған.

Махамбет аудандық соттының баспасөз қызметінің мәліметінше,құқық бұзушы жүргізу куәлігін мүлдем алмаған күйде көлік құралын басқарып, өз жолында, басты жолда келе жатқан С-ның басқаруындағы көлік құралына соқтығыс жасап, нәтижесінде жәбірленушінің көлік құралы бүлініп, оған материалдық залал келтiрген.

Сот отырысына «WhatsApp» желісі арқылы байланысқа шыққан құқық бұзушы өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, жәбірленушінің көлік құралын жөндетіп беріп жатқанын айтып көрсеткен.

Ал жәбірленуші көлік құралы қазіргі таңда жөндеуге кіргізілгенін, көлік құралын толық жөндетіп берсе, басқа қоятын талабы жоқтығын айтады.

Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 3- бөлігімен оған әкімшілік жаза ретінде 122 514 (бір жүз жиырма екі мың бес жүз он төрт) теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз