Жұмыстың сапалы болуы мердігер жауапкершілігінде

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте бірқатар келелі мәселелер көтеріліп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Атырау өңірінің еліміздің «донор» қалаларының бірі екендігі белгілі. Соған қарамастан кейбір көңілімізді көншітпей жайттарға куә болып жүрміз. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен жиында қозғалған жол мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр. Іргеміздегі «Атырау-Орал» тас жолында автокөліктердің қатысымен жол-көлік оқиғалары жиі болмаса да, ара-тұра болып тұратыны жасырын емес. Бұл жолдың маңыздылығын Президентіміздің өзі де жақсы біліп отыр. Әрине, жеңіл көліктермен қатар, ауыр жүк көліктерінің күні-түні тынымсыз қатынауы жол сапасына кері әсер етеді. Көлік тізгіндегендер көп жағдайда жолдың сапасына көңілдері толмай, шұрқ-тесік болып жатқанына наразы болып жатады.

Бір кездері, бұл тас жолдың төрт жолақты болатындығы жөнінде де айтылды. Өте құптарлық іс. Оны айтпағанның өзінде салынғанына көп бола қоймаса да, Таңдай ауылына дейінгі жолдың ойдым-ойдым шығуы да мердігерлердің жауапсыздығы салдарынан орын алды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы да мердігерлердің жұмысына, мемлекеттік тапсырыстарды орындауына қатаң талап қою қажеттігін айтып отыр. Иә, кез келген жауапты орган өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын болса, халық алғысына бөленер еді.

М.ОТАРОВ, ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT