Қазіргі әлемде мемлекеттердің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, олардың халықаралық беделі, заманауи технологияларды меңгеруі және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдарымен бағаланады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – осы талаптарға толық жауап беретін, елдің болашақ даму бағытын айқындаған маңызды құжат. Жолдау мазмұны Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы салмақты ұстанымын айқын көрсетті.
Жолдауда Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқаны ерекше атап өтілді. Көптеген мемлекеттердің елімізбен достық қарым-қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылуы – жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нәтижесі. Бұл жағдай Қазақстанның бейбітшілікке негізделген, ашық әрі жауапты мемлекет екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, Президент жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл бағыттағы өзгерістер мемлекеттік басқаруды тиімді етіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Жолдауда айтылған бастамалар қоғамның барлық саласына серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Мемлекет басшысының бұл Жолдауы – Қазақстанды жаңа даму кезеңіне бастайтын нақты әрі мазмұнды бағдарлама. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, цифрлық жаңғыруды жеделдету және инновацияны қолдау арқылы еліміздің тұрақты болашағы қалыптасады. Әрбір азамат осы бастамалардың маңызын түсініп, ел дамуына өз үлесін қосса, Қазақстанның абыройы артып, келешегі кемел болатынына сенім мол.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ


