Жолдау — білім мен руханиятқа тың серпін

Қазақстанның болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды Жолдау ел дамуының әр саласын жаңғыртуға арналған нақты міндеттерді қамтиды. Әсіресе білім, ғылым, мәдениет және руханият салаларына ерекше қолдау көрсетілетіні – біз үшін зор қуаныш. Бұл – өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жасалған үлкен мүмкіндік.

Аудандық орталық кітапхана ұжымы Жолдауда көтерілген бастамаларды қолдай отырып, оқырмандар арасында оқуға қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың рухани және зияткерлік дамуына үлес қосу бағытындағы жұмысын одан әрі жалғастыра береді.

Кітап – елдің рухани негізгі тірегі. Оқу мәдениетін қалыптастыру – ұлттың келешегін кемел етудің кепілі. Сондықтан, әр азаматтың білімге деген ынтасы Қазақстанның жарқын болашағына қосылған үлес деп білеміз.

Жолдаудағы мақсаттарды жүзеге асыру – баршамыздың ортақ парызымыз. Оқырман мен кітапхана байланысын күшейтіп, жаңа жобаларды іске асыру арқылы біз осы жолда аянбай еңбек етеміз.

Ш.Измағамбетова

Аудандық орталық кітапхана басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT