Инвестиция – өңір өркендеуінің негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елімізге шетелдік және отандық инвестиция тартуды жандандыру қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда әлемдік деңгейде инвестиция үшін бәсеке күшейіп келе жатқанын ескерсек, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалану – уақыт талабы.

Махамбет ауданы да осы бағыттағы жұмысты нығайтып, инвесторларға қолайлы жағдай жасауға мүдделі. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру – әлеуетіміз зор бағыттар. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ауданға жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлкен серпін береді.

Мемлекет басшысы белгілеген міндеттер – өңірлердің ілгерілеуіне бағытталған нақты бағдар. Сондықтан Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды жүйелі түрде орындап, аудан экономикасын жаңа белестерге шығару жолында табанды жұмыс жүргізілу керек деп ойлаймын

 

Ж.Жоламанова,

Аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT