Махамбет ауданында ағымдағы жылы 18-19 қазан күндері аралығында республикалық «Жолда қабылдау» кең ауқымды акциясын өткізілу жоспарлануда.
Айталық, акция 2019 жылдың 15-16 қараша, 20-21 желтоқсан, 2020 жылдың 17-18 қаңтар, 14-15 ақпан, 13-14 наурыз, 17-18 сәуір аралығында өткізілетінін қаперлейміз. Акцияның мақсаты - азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, партия мен халық арасындағы байланысты нығайту болып табылады.
Акция бөлімнің ғимаратындағы арнайы бөлмесінде азаматтар қабылданады.
Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Жеңістің 50 жылдығы көшесі №27. Сонымен қатар Махамбет аудандық «Нұр Отан» партиясының қабылдау учаскелерінде азаматтарды қабылдау акциясы өткізіледі.
Мекен-жайы:Махамбет аудандық «Нұр Отан» партиясының мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі, 4А.
А.Аязғалиев,
бөлім бастығының бірінші орынбасары,
полиция полковнигі