Жоқшылықтың бәрі – жұмыссыздықтан конференцияда осы мәселеге ерекше назар аударылды

«Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясын кіріспе сөзбен ашқан филиал төрағасы Ж.Ахметов делегаттарды күн тәртібімен таныстырды.

Мандат комиссиясының хабарламасы бекітілді. Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларын-«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларының ауданда іске асырылу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев баяндады.

-Елбасы « Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, 4 жобаны жүзеге асыруды тапсырған болатын,-деді Мардан Жұмахметұлы,-солардың бірі - "Халыққа көмек" жобасы. Жобаның басты мақсаты - халықтың мәселесін тиімді шешуге ықпал ету. Азаматтардың өтініштері жеке қабылдау, сайт, электронды пошта сияқты дәстүрлі жолдардан бөлек, әлеуметтік желілердегі парақшалар, WhatsApp мессенджері сияқты байланыс құралдары арқылы да жүргізіледі.Бұл бағытта ауданымызда Инстаграм, Фейсбук желілерінде арнайы аккаунттар ашылды, Телеграмм және WhatsApp жүйесінде арнайы топтар құрылып, ыстық желілер тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде.

Инстаграм тобы 2017 жылы қаңтар айында құрылып, күні бүгін тұрақты 2000-ға жуық жазылушыларды қамтыды.

Фейсбук желісінде ауданымыздын аккаунті 2016 жылы ашылып, күні бүгін облысымыздағы ең қарқынды жұмыс атқарып келе жатырған парақ- шалардың бірі, себебі, әр күн сайын тұрақты 3-4 мақала жарияланып келеді және 5000-ға жуық жазылушыларды қамтуда. Қосымша айта кетсем, соңғы 6 ай ішінде аудан әкіміне кәсіпкерлермен ашық сұхбат, брифингтер, онлайн эфир секілді кездесулерде аудан тұрғындарынан 700-ге жуық өтініштер түсіп, жауап қайтарылды.

Телеграмм жүйесінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданның арнайы тобы ағымдығы жылдың 6 наурыз күні құрылып, қазіргі уақытта 300-ге жуық сұрақ, өтініш, арыздарға жауап берілді, Телеграмм тобы жаңадан ашылса да тұрғындар арасында қарқынды дамып келе жатыр.

WhatsApp желісінде аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қосылған, осы топқа Инстаграм, Фейсбук және Телеграмм желілерінен келген барлық сұрақтар, арыз – өтініштер сол мезетте (онлайн) жолданып, жауап алу үшін орталық талқылауға салынады.

Келесі "Бақытты отбасы" жобасы қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда ауылдық округте де «Е-Халық» бағдарламасы іске қосылып, барлық тұрғындар мәліметі осы базаға енгізілуде. 1 сәуірден бастап аз қамтылған, көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік тағайындау жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінге, бұл жүйеге 4249 отбасының 24016 адамы енгізілді.

Толық нұсқасы газетіміздің №16 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT