Салық азайып, еңбекақы көтеріледі

Елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексі күшіне енді. Оның құрамында көптеген елеулі өзгерістер мен толықтырулар қамтылды.

Өзгертілген салық кодексі бизнестің даму деңгейін жоғарылату мақсатын көздейді. Салық кодексінің негізгі бір идеологиялық бағыты-адал салық төлеушілердің мүддесін қорғау болып табылады. Осы өзгерістерге байланысты газет тілшісі Махамбет Мемлекеттік кірістер басқармасының салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің басшысы Бақтылы Сұлтанқызы Өтешевамен тілдескен еді.

-Бақтылы Сұлтанқызы, алдымен бюджет сыныптамасындағы өзгерістерге тоқталып өтсеңіз?

-2019 жылдың 1 қаңтарынан бас- тап бюджет сыныптамасының 104309 «елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы коды алынып тасталды. Ол 104302 «Жер салығы» кодына біріктірілді. Енді салық төлеушілердің жері елді мекенде немесе елді мекеннен тыс жерде болса да салығын 014302 кодына есептеп, төлей алады. Қазіргі уақытта көптеген салық төлеушілер бұрынғыша салықтарын 104309 кодына есептеп, төлеу үстінде. Салық басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салық сомаларын қайтарып алу немесе басқа төлемдер берешегіне жабу үшін өтінімді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе электронды түрде беруіне болады. Сондай-ақ салық төлеушілерді тіркеу, электронды салық төлеуші ретінде тіркеу, бейрезиденттерді, дара кәсіпкерді тіркеу, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды, қайтаруды жүргізулер «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы өткізілуде. Мәселен, «02 жер салығы», «09 елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» ерекшелігі алынып тасталды.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика