Жиырма жасында кәсібін ашқан бойжеткен

"Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды".

Бүгінгі таңда қолында дипломы бар, алайда мамандығына сәйкес жұмысы жоқ жастар аз емес. Олардың кейбірі екінші мамандық алуды ойласа, енді бірқатары жеке кәсіпкерлікпен айналысуға талпыныс жасап жатады. Соның бірі махамбеттік Мадина Сағатова. Ол Ақтөбе қаласындағы көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжін теміржол, автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша аяқтаған. Мамандығына сәйкес жұмыс болмағандықтан әлеуметтік желі арқылы онлаин тігін курсынан өтеді.

- Тігінші болу бала кезгі арманым. Бұл өнерден анам да құр алақан емес. Жалпы қыз баланың жаны әдемілікке, сұлулыққа құмар келеді емес пе? Балалық арманыма қанат бітіріп, тігіншілік курсын аяқтасам деген ой келді. Сөйтіп жүргенде, аудандық «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» жобасы жайлы естіп-білдім. Аталған жоба негізінде көптеген өзім секілді жастармен танысып, кәсіпкерлік бағытта білім алдық. Оқу курсын аяқтаған соң дайындаған «Қыз жасауы» жобамның нәтижесінде қайтарымсыз 505 мың теңге грантқа ие болдым, - дейді ол.

madina22012003

"Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды" демекші, халқымыз қызын жасаусыз ұзатпаған. Мадинаның қолынан шыққан қыз жасауы бүгінгі заманауи үлгіде жасалған әрі бағасы да өзгелермен салыстырғанда қолжетімді. Десе де бағасы сіз таңдайтын матаның сапасына байланысты өзгеріп отыратынын айта кеткеніміз жөн. Оған қыз жасауынан бөлек, сырға салу рәсіміне арналған көрпеше, сәукеле құтысы және әдемі түйреуішке тапсырыс беретіндер де бар екен.

madina220120

-Қолыңнан шыққан бұйымыңның әрбір бөлшегіне сағаттап уақытыңды арнасаң да артық емес. Ең бастысы, ойыңдағыдай болуы. Сондықтан, тапсырыс берушімен әрдайым ақылдасып, келісіп, көңілінен шығуға тырысамын. Алға қойған мақсаттарым көп. Әзірге, білімімді жетілдіру бағытында өз ісінің кәсіби мамандарынан дәріс алудамын» - дейді кәсіпкер бойжеткен.

Бойындағы аз ғана талантын еңбекпен ұштастыра білген бойжеткеннің бастамасына тек сәттілік тілейміз.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз