Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Жемқорлықтың алдын алу – аса өзекті мәселе» тақырыбында жеке құрам арасында шара ұйымдастырылды. Шара барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, капитан А.Б.Байдосов жеке құрамға қоғамда, қорғаныс саласында орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық көріністері жөнінде айтты.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - жер бетіндегі барлық мемлекеттің күн тәртібіндегі мәселе. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Қазақстан билігі парақорлықты доғару бағытында іргелі шараларды қолға алған. Құзырлы орган ретінде бұл шараға соттар да белсене атсалысуда. Қорғаныс министрінің ұсынысымен еліміздегі күштік құрылымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл мәселелері бойынша меморандумға қол қойған болатын. Осындай жұмыстардың нәтижелері де жоқ емес. Әскери полиция мониторингтің іс жүзіндегі тетіктерін жүргізуді қазірдің өзінде қолға алуға, заңды түрде тексеруге құқығы бар. Құзырлы орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес әскери бөлімдерге және әскери мекемелерге сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға қатысты өз өкілеттіктерін кеңейтті. Жемқорлыққа жол беру – өз мемлекетіңді тонау, өз байлығыңа қол салу, өз тыныштығыңды бұзу.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қатаң міндеттеменің қажеттілігі туралы 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында ұсынылған. Яғни, көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі - азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті.
А.СҮЛЕЙМЕНОВА,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкері.