Сұрасаң бата берейін...

Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Ал бата сұрау – өзі қалаған адамнан ықылас пен ризалық, жақсы тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз.

Қазақ халқында үйіне келген қонаққа барын беріп, жасы, жолына қарай мүшелі сүйектерін тартудан тыс, білімді мәртебелі, сыйлы қонақтарына бір малын көлденең тартып, батасын алып, сойып беретін салт бар, яғни, үй иесі малын әкеліп, қонағына «Әумин!» деп қолын жайғанда қонақ та қолын жайып:

Мал-басың көп болсын,

Өрісің шөп болсын.

Қам-қайғың жоқ болсын,

Ел-жұртың тоқ болсын.

Ұл-қызың ақты болсын,

Отбасың бақытты болсын! – деп батасын береді. Міне, бұл «бата сұрау» және «бата беру» деп аталады.

Ет піскенде малдың басын малға бата жасаған адамның алдына тартады. Қонақ оны қолына алып ырымын жасап, үй иесіне қайырып береді. Бұл оның «сыйыңа рахмет» дегені.

Әдетте қонаққа, тойға соятын малдарға батаны келген кісілердің жасы, жолы үлкені жасайды. Ал ас-мәзірлерге соятын малдарға бата жасамай, құран оқып сояды. Қазақ бата-тілектерінің өзіндік мән-мағынасы мен жол-жосыны, талғам-таразысы бар. Ол кез келген жерде келсе-келмес айтыла бермейді. Қайта ол үлкен той-мерекелер мен маңызды басқосуларда, игі бастамалар көтеріп, ұлы істерді бастарда айтылады.

Қазақта батаның түрлері өте көп. Бірақ солардың барлығы көркем де көсем, өткір де шешен сөздерменен шебер өріліп айтылып, адамдар көкірегіне жатталып, жүректерінен өшпестей орын алатындықтан, оның баурау қуаты мен тәрбиелік рөлі өте жоғары болады.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT