Жауларынан жасқанбаған, ерлігіне мастанбаған интернационалист жауынгерлер хақында

Жасаған ерлігіне мастанбай, қарсы келген жауларынан жасқанбай батылдық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жас боздақтардың қаны төгіліп, тірілердің шыбын жаны шырқырай елге жеткеніне де 30 жыл уақыт өтіпті.

Ауған соғысы 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО Қарулы Күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс екенін білеміз. Сол жылдары Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. 1981 жылы мамыр айында біздер, өрімдей жап-жас жігіттер Ауған жеріне аттандық.

Қаншама азаматтың өмірін жалмаған, жазықсыз төгілген қанның куәсі болдық. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Естен кетпес зұлмат соғыс, қасірет, құлақтан үні кетпес зеңбірек, атыс, шабуыл.

Ауған соғысының табиғаты да, тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18-20-ның арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік кешіп жатқан кезде бөтен елде ел алдындағы борыштарын өтеді.

Менде сол зұлмат соғыстың куәгері ретінде сын сағаттардың құрбаны болған елге тірі оралмаған талай боздақтардың қазасына ортақ болдым.

1981 жылғы мамыр айынан 1982 жылғы мамыр айы аралығында Атырау облысынан менімен бірге аттанған алты сарбаздың үшеуі елге оралғаннан кейін түрлі дертке шалдығып, түрлі себептермен 50 жасқа да жете алмай, көз жұмды. Махамбет ауданынан барған үш боздақ Ауған жерінде қаза тапты. Олар Ортақшыл селосынан Алаш Тұржанов, Ақжайық селосынан Мұхтар Рахметов және Чкалов селосынан Имат Мусағалиевтар.

10 жылға созылған Ауған соғысына тек Қазақстаннан 22269 адам қатысыпты. Олардың 924-і қаза тауып, 21-і хабарсыз кеткен. Тек Атырау облысының өзінен 800 сарбаз қатысқан екен. Олардың 13-і қаза тауып, 1-і хабарсыз кеткен. Қазір елде Ауған соғысына қатысқан 17800 адам тұрады. Н.Назарбаевтың Ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындалды, мыңдаған өмір қиылды. Бәрібір кеңес әскеріне бұл елден шығуға тура келді.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Оңайғали ИСКАКОВ,

Ауған соғысының ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT