Жастардың киелі жерлерге сапары

Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Jarqyn bolashaq» жастар қоғамдық бірлестігі алғашқы «Kerýen syry» атты экскурсияны ұйымдастырды.

Онда аудандағы толық емес және көп балалы отбасылардың балалары, сондай-ақ белсенді, үздік 60-қа жуық оқушылар қамтылды.

Саяхат Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан Ақмешіт тарихи орнына бағытталды. Олар ата-бабалар өсиетін орындап, ақбор төбенің баурайында орналасқан бабамызға дұға бағыштап, шырақшы ағамыздың таңғажайып тың деректерімен танысты. Жалпы пір Бекеттің бұрын жеті мешіті болса, соның қазір төртеуі ғана жұмыс жасап тұр.

ker20203

Міне, солардың бірі- Ақмешіт қорымы, екіншісі өзі жатқан Оғыланды жерінде, үшіншісі Бейнеуде, төртінші мешіт Маңғыстаудың бойындағы Тобықтыда орналасқан екен. Саяхат барысында жол бойы түрлі тарихи сұрақтар, логикалық тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар қойылып, оқушылардың білім деңгейлері көрінді. Меймандар Құлсары қаласында орналасқан @otbasilik_damhana_myata кафесінде түскі тағаммен қамтамасыз етілді.

 

ker20202Жалпы осындай еліміздегі тарихи нысандардың жай-күйімен таныстыру, тарихи орындарға арнайы саяхаттар ұйымдастыру және төл тарихымызды көрсету арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиетін жетілдіру, сондай-ақ ата-бабаларымыздың жүріп өткен тарихын біліп, ұғынуына септігін тигізеді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT