Жастар жылы - ұлы істердің бастауы болмақ

Елорда төрінде Елбасының арнайы қатысуымен "Тәуелсіздік ұрпақтары" деген атаумен Жастар жылының ресми ашылу жиыны өтті.

Көгілдір экранда тікелей эфир арқылы көрсетіліп, Еліміздің әр аумағының белсенді жастары қатысып, ашылу салтанатының куәгері болдық.

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының ғимаратына жастардың басын қосып, көптеген мағлұматтар мен үздік жастардың еңбектерімен таныс болдық. Жастарды мұқият тыңдап, олар көтерген тың жобалар мен идеяларға қызығушылық таныттық. Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында қазір түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда, соның ішінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу барысында жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, іске қосылды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз Отанымыз – тәуелсіз Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек. Бұл «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей жалғасы болып табылады. Жастардың осы бағытта айтарлықтай жұмыс атқаруына ауданның жастар ресурстық орталығының басшысы ретінде өз үлесімді қосқым келеді.

Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз және осы жолда аянбай еңбек етуге дайынбыз! Біз жастар, осы жылғы бізге берілген мол мүмкіндікті пайдалана отырып, артқан сенімді ақтаймыз деп айта аламын.

Жандос ДҮЙСЕМБАЕВ,

аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521