Ауыл жастарына мүмкіндіктер молайды

Кеше «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Астана қаласында өткен Жастар жылының ашылуын Ақжайық ауылының белсенді жастары тікелей эфир арқылы тамашаладық.

Жиын барысында Елбасы жастардың басты мәселелеріне тоқталды. Соның ішіндегі ауыл шаруашылығын дамыту, жастарды тұрақты жұмыспен, баспанамен қамту, студенттерді қолдау, туризмді дамыту, бизнесті қолдау сияқты маңызды мәселелерін ерекше атап өтті. Әсіресе, ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде салаға жаңа технологияларды енгізу жөнінде айтқаны маған ерекше әсер етті. Себебі, ауыл шаруашылығы дамыса ауыл жастарының қалаға жаппай кетуіне тосқауыл қойылып, тұрақты жұмыс орындары ашылып, ел экономикасының қарыштап дамуына септігін тигізері анық.

Еліміз жер көлемі жөнінен әлемде алдыңғы қатардағы ел болғандықтан, бос жатырған жайылымдық, сурмалы, егістік жерлерді игеру, оларды тыңайту бағытында жаңа технологияларды енгізуді қажет етеді. Бүгінгі таңда әлемде табиғи өнімге деген сұраныс артып келеді. Сондықтан асыл тұқымды мал өсіру, одан ет, сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыру, егіс көлемін көбейту басты мақсат болуы тиіс. Елімізді қажетті азық-түлікпен қамтып қана қоймай сырт елдерге шығару керек.

Сонымен қатар Елбасы Үкіметке бизнесті дамытуға бөлінетін қаржыны екі есеге арттыруды тапсырды. Бұл өз кезегінде ауыл жастарының шағын және орта кәсіппен айналысуына жол ашады деп ойлаймын. Біздің міндетіміз аталған жаңалықтарды ауыл жастарына түсінікті қылып жеткізу, тиісті көмектер көрсету.

2019 жылдан ауыл жастары үлкен үміт күтеді. Сонымен қатар жастар өздеріне берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланады деген ойдамын.

Жасұлан ДАУЛЕТКАЛИЕВ,

Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521