Жобаға 811 адам қатысқан, олардың 40-тан астамы – мүмкіндігі шектеулі жандар, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған жоба тұрғындарға әлеуметтік қолдау ретінде ұйымдастырылды. Атырау облыстық «Zhas projects» жобасының үйлестірушісі Айжан Аралбекованің айтуынша, іске асырылатын бизнес-жоспардың негізгі үлесі, яғни 212-сі - ауылға, 45-і қалаға тиесілі.
- Грант ұтып алған қатысушылар өз істерін аспаздық, шаштараз, тігін шебері сияқты басқа да салаларда жүзеге асыруда. Қатысушыларға жобадан ақылы түрде пайда түспейтін болғандықтан, оларға алты ай көлемінде шәкіртақы беріледі. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмек ретінде шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер ақысыз ұсынылады. Студенттер мен жоғары білімді азаматтарға - 60 мың теңге, қалғандарына – 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі, - дейді Айжан Аралбекова.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет:ӨҚК