Жастар орталығы жаңа ғимаратта

Еліміздің жастары қашанда Елбасымыздың қамқорлығы мен қолдауына ие.

Күні кеше 2019 жылға арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында да келер жылды жастар жылы деп жариялауы осының дәлелі. Жүз жеті мыңнан аса жастары бар ауданымызда жастар саясатына қатысты барлық мәселелерді қамтитын жастар ресурстық орталығы аудан жастарын жаңа ғимаратта қарсы алады.

Ауданымыздың кіреберісіндегі сол жақ бетінен бой түзеген бұрынғы «Қызғалдақ» балабақшасының екі қатарлы ғимаратында жастар ресурстық орталығы мамандары қызмет етеді. Бүгін аталған ғимаратта аудан әкімінің орынбасары Светлана Аманшиева бас сұғып, аудан жастарымен ашық әңгімелесті. Жастар көкейлерінде жүрген мәселелерін ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.

Б.Сапарова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT